Полицейлер «марихуана» және «гашиш» есірткі затын тәркіледі
Түлкібас АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның есірткіні сақтайтыны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы “Есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу” бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктінінің тұрғылықты мекенжайын анықтады. Тінту кезінде жедел уәкілдер күдікті ер адамның ауласында орналасқан сарай ішінен құрамында өсімдік тектес есірткісі бар 3 газет орамасын тауып алып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген 2 газет орамасындағы есірткінің жалпы салмағы 42 грамнан асатын «марихуана» болса, үшіншісі 1 грамнан астам «гашиш» болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер істің барлық мән-жайын және ер адамның есірткіні не себеппен сақтап жүргенін анықтауда.
Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер, сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.
ТО ПД баспасөз қызметі