Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алын алу шаралары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2022 жылғы бірінші тоқсанға арналған жоспарына сәйкес және аудан көлемінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу мақсатында 2022 жылдың 24-30 қаңтар аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңдарының талаптарын орындау мақсатында, аудан көлемінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ескерту және алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, ерекше талап белгілеу, профилактикалық есепте тұратын адамдармен профилактикалық жұмыс ұйымдастыру, сондай-ақ, ақпараттық-насихаттау болып табылады.
Төлеби аудандық полиция бөлімі