“Бизнес-бастау” жобасы 70 шәкіртін қаржыландырған

«Атамекен-Түркістан» микроқаржы ұйымы «Бизнес-бастау» жобаларын қаржыландыруды жалғастыруда. Қазіргі таңда өңірде 69 тұрғын өз ісін дамытуға капитал алған.
Өткен жылы «Атамекен-Түркістан» микроқаржы ұйымына 300-ге жуық өтінім түскен. Оның ішінде 204 жоба қабылданып, 130 жоба мақұлданған. Жалпы құны 589 млн теңгені құрайтын 69 жоба қаржыландырылды. Бұл туралы Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков мәлімдеді.


Жобаларға бөлінген қаражаттың негізгі бөлігі техника мен жабдықтар сатып алуға, мал шаруашылығына жұмсалған.
Айта кетерлігі, несиені кез келген салада бизнесті дамыту үшін алуға болады. Микроқаржы ұйымы – несиені тұтынушылық мақсатқа, бұрын алған несиені өтеуге, несие берешегін қайта қаржыландыруға, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін сатып алуға бермейді. Ал, ауылдық жерде тұратын азаматтар Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы арқылы өтінім бере алады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ПІКІР ЖАЗУ