Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Сауран ауданында 7 көше жөндеуден өтті

Сауран ауданында жалпы ұзындығы 1 254,7 шақырым автомобиль жолы бар. Оның 700,4 шақырымы елді мекендердің ішкі жолдары. Өткен жылы 15,5 шақырымды құрайтын аудандық 7 ішкі көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Биыл аудандағы облыстық маңызы бар Ынталы автожолының 20 шақырымына, Жүйнек автожолының 13 шақырымына, Бірлік-Қарашық автожолының 25 шақырымына, Шорнақ ауылындағы Сүлейменов пен Шаяхметова көшелеріне және Құсшы ата елді мекенінен әуежайға дейінгі жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Ал, өткен жылдың қорытындысы бойынша аудандағы асфальт көшелердің көлемі 226 шақырымға жеткен болатын.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында бір күнде 4 бала суға батып, қайтыс болды

admin

ШЫМКЕНТ: Архивтегі 106 255 парақ электронды форматқа көшірілді

admin

27 ақпан күні Астана оқушылары үйден оқиды

admin