Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Kaspi.kz компаниясы «Қазақстан халқына» қорына 10 млрд теңге аударады

Kaspi.kz және компанияның негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе «Қазақстан халқына» қорына 10 миллиард теңге аударады.

Мәжіліс отырысында Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырды. Kaspi.kz және компанияның негізгі қалаушылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе қорға 10 млрд теңге аударады.

Қорға аударылған қаржы азаматтардың денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы мәселелерін шешуге бағытталады. Қордың арқасында төтенше жағдайларда және төтенше жағдай енгізілген кезде зардап шеккен халыққа көмек көрсетіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ қор сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларды емдеуге көмек көрсетеді, әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылысын қаржыландырады.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент : «Тұран» шағын ауданында инфрақұрылымды дамыту бойынша көшпелі жиын өтті

admin

«5-10-20» тұрғын үй несиелік бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылданады

admin

70-ке жуық кәмелетке толмаған балаға заңсыз діни сабақ өткізген ер адам анықталды

admin