Түркістан Арыста 240 отбасына баспана беріледі

2021 жылдың соңына дейін Арыс қаласында 240 отбасына баспана беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

240 пәтердің аумағы 12308 шаршы метрді құрайды. Бүгін облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Арыстағы «Көктем-2» тұрғын ауданында орналасқан 5 қабатты 60 пәтерлік №7, №8, №10, №11 үйлердің құрылыс жұмысымен танысты. Құрылысы қызу жүргізіліп жатқан 4 үйдегі 240 пәтердің аумағы 12308 шаршы метрді құрайды. Бұл баспаналар жыл соңына дейін коммуналдық тұрғын үй кезегінде тұрған 240 отбасыға пайдалануға беріледі. Айта кетейік, қазіргі таңда Арыс қаласы бойынша тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін 1951 адам кезекте тұр екен.

ПІКІР ЖАЗУ