Қазақстанның 9 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

28 және 29 қазанда Қазақстанның тоғыз облысында жел, көктайғақ және тұманға байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды  mnews.kz 

29 қазан күні күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың шығысы мен солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге жетеді. Көкшетауда 29 қазан күні күндіз оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. 29 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде тұман түседі. 29 қазан күні түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, қатты жауын-шашын және қар күтіледі. 29-31 қазанда солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, таулы аудандарда секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. 29 қазанда Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. 28-29 қазан күндері түнде Қарағанды облысының орталығында, шығысында тұман түседі. Қарағандыда 28 қазанға қараған түні тұман болады. 29 қазан күні таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, облыстың солтүстігі мен солтүстік-шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. 29 қазанда Павлодар облысының солтүстігі мен батысында оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Павлодарда 29 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. 29 қазан күні күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын, қар жауады. 29 және 30 қазанда күндіз облыстың солтүстігі мен батысында бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. 30 қазанда түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан 29 қазанда және 30 қазанда түнде жел секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. 29 қазанда Түркістан облысының тауларында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын, сондай-ақ тұман күтіледі.

ПІКІР ЖАЗУ