Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Тілді құрметтеу — білім деңгейінің көрсеткіші

“Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер” басқармасы және “Еңбекші ауданы әкімі аппаратының” қызметкерлері тарапынан коммерциялық нысан иелеріне сыртқы жарнаманың “ҚР Тіл туралы заңына” сай жазылуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуі өз жалғасын тапты. Еңбекші ауданы, Ш. Уалиханов көшесі бойындағы бірқатар коммерциялық нысандар жарнамалық жазбаларының заңға сай жазылуын қадағалауға алған қызметкерлер заңға қайшы іс-әрекеттер әкімшілік жауапкершілікке алып келуіне мүмкін екенін атап өтті. Бұған қоса, “ҚР Тіл туралы заңының” толық мәтінімен онлайн платформаларда танысып шығу жолдарын көрсетті.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сыртқы жарнама мәтінінде грамматикалық немесе стилистикалық қате байқаған болсаңыз +7 778 555 35 46 WhatsApp нөміріне фото/видео дәйек пен нысанның нақты мекен жайын жіберулеріңізді сұранамыз.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысының шалғай ауылдарындағы 329 мектепке STARLINK спутниктік интернеті орнатылды

admin

Түркістанда «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» ұранымен футболдан турнир өтті

admin

Отырар: ашық әкімдіктегі ашық кітапхана

admin