ШЫМКЕНТ: «Ten qogam» секторы әлсіз топтағы жандар үшін қызмет түрлерін ұсынуда
Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Жол картасы әзірленгені белгілі. Соған сәйкес атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты әлсіз топтағы жандар үшін қызмет түрлерін 1 терезе арқылы көрсетуге арналған «Ten qogam» секторы ашылды.
Орталықтың міндеттеріне әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетілетін қызмет түрлеріне көмек беру, мүгедектігі бар қызметкерлерді жұмысқа қабылдау бойынша кеңестер беру, жекелей сүйемелдеу және т.б. қызметтер кіреді.
«Ten qogam» секторының мақсаты – Ұлттық жоспардың бағыттары бойынша жауапты мемлекеттік органдар жұмыстарын жалғастыру. Мысалы, мүгедектіктің алдын алуға бағытталған шараларда, денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтік сапасы мен қолжетімділігіне байланысты шараларды құзырлы органдармен бірге жүргізу.
Қоғамдық тасымалдау және автомобиль жолдарына қатысты жолдарда болатын апаттық жағдайлардың алдын-алу мақсатында жол жүру ережелеріне сәйкес белгілерді орнату. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының өкілдерімен бірге өз-өзіне қол жұмсау арқылы, денсаулыққа зиянды әсер ететін заттарды (алкоголь, наркотик т.б.) қабылдау арқылы мүгедектікке әкелетін ескерту.
Инклюзивті білім беру: дене бітіміне, психикалық, интелектуалдық, мәдени, этникалық, тілдік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан білім алуындағы кедергілерді жою, әлеуметтік ортаға бейімделуін және ықпалдасуын қамтамасыз ету.