Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Басты жаңалықҚоғамСаясат

Астана әуежайында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі

Бүгін Астанада Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында сағат 15.00 мен 20.00 аралығында елорда жағдайында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды bainews.kz 

Іс-шараның мақсаты — құқық қорғау және арнайы қызмет органдары күш-құралдарының терроризм қаупіне қарсы жедел әрекет ету дайындағын тексеру. Соның аясында әуежай аумағында белгілі деңгейде тыйымдар мен жаяу жүру және көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізу қарастырылған.

Осыған орай ұйымдастырушылар, яғни Терроризммен күрес жөніндегі елордалық жедел штаб азаматтарды өтіп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көзіне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырады.

Сәйкес жаңалықтар

Сарыағаш: мемлекеттік қызметшілердің цифрлық сауаттылықтары арттылуда

admin

Шымкент: мереке қарсаңында «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлеріне бір реттік төлем жасалады

admin

Тендер «таныстықпен» өте ме? «Самұрық-Қазынада» бір көзден сатып алу үлесі 60%-ға жетті

admin