Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Басты жаңалықСпорт

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Парижде Grand Prix чемпионы атанды

Франция астанасы Париж қаласында джиу-джитсудан ересектер арасында өткен PARIS JUJITSU GRAND PRIX 2026 (JJIF Grand Prix) халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әлемнің 28 елінен жиналған 550 спортшы бақ сынаған байрақты бәсекеде елордалық саңлақтар ел абыройын асқақтатты. Бұл жарыста ел намысын қорғаған Астана қаласының екі спортшысы жоғары нәтиже көрсетіп, Париж төрінде топ жарды.

Атап айтқанда, жарыстың алғашқы күні 56 келі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Бекзат Казтаев қарсыластарының бәрінен басым түсіп, чемпион атанды.

Ал жарыстың екінші күнінде 85 келі салмақ дәрежесінде белдескен Мерей Кабдуллаев та жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, алтын жүлдені қанжығасына байлады.

Осылайша, жаттықтырушы Арманжан Рузахунов баптайтын елордалық қос спортшы Париж төрінде ел абыройын асқақтатты.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: Сауран қалашығында ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтеді

admin

Астана әуежайында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі

admin

Жыл басынан бері 14 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды

admin