«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл»

«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Осы мерекеге орай, Шымкент қаласында іс-шаралар жоспары түзіліп, біршама жұмыстар атқарылуда. Мектепке дейінгі мекемелерде онлайн форматта ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, тыйым сөздер, әндер мен өлең айтудан интеллектуалды сайыстар мен сабақтар өткізілді. Сонымен қатар Шымкент қаласындағы зиялы қауымнан, мәдениет, спорт, білім, денсаулық сақтау, құқық қорғау саласының елге танымал қызметкерлерінен мерекелік құттықтау сұхбаттар түсіріп, оны жергілікті арналар мен әлеуметтік желілер арқылы көрермен назарына ұсынылуда.
Сонымен қатар, қалалық тiлдердi оқыту-әдiстемелiк орталығы тарапынан «Ресми құжат үлгілері» әдістемелік құралы мен «Қазақ – орыс – ағылшын тілінде мақал-мәтелдер мен жұмбақтар» көмекші құралы әзірленіп, тұсауы кесілдi.

Аталған мерекеге байланысты мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қолдау, оларға құрмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет&спорт министрінiң және Шымкент қаласы әкімінің алғыс хаттары тапсырылды.

ПІКІР ЖАЗУ