Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Басты жаңалықЖаңалықтар

Түркістанда тарихи кино арқылы жас ұрпаққа тәрбие беру жобасы жүзеге асуда 

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының бастамасымен қала мектептерінде оқушыларға тарихи-танымдық фильмдерді көрсету жобасы қолға алынды. Бұл бастама жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға, ел тарихын тереңірек танып-білуіне бағытталған.
Осы жоба аясында Түркістан қалалық «Мәдениет үйінде» мектеп оқушыларына «Жаужүрек мың бала» тарихи көркем фильмі ұсынылды. Кино көрсетілімге Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов және қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев қатысып, оқушылармен бірге тамашалады.
Ұлттық рухты көтеретін, батырлар ерлігін дәріптейтін және салт-дәстүрімізді насихаттайтын мұндай тарихи фильмдерді жүйелі түрде көрсету алдағы уақытта қаладағы барлық білім беру ұйымдарында жалғасын табады.

Сәйкес жаңалықтар

Қытайларға жер беріліп жүр ме? – министр жауап берді

admin

Қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды

admin

Елордада алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Әзірбайжан азаматы Бакуде ұсталды

admin