Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Жаңбыр, найзағай және күшті жел: 1 сәуірде Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің батысында, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Сонымен қатар, республиканың батысында күшті жауын-шашын күтіледі.

Ал елдің қалған аумағында кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз, құрғақ ауа райы сақталады.

Метеорологтардың болжамынша, республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерде жел күшейеді.

Бұдан бөлек, Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында және Жетісу облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Мамандар тұрғындарды ауа райының өзгерістеріне байланысты сақ болуға шақырады.

Бұған дейін синоптиктер 31 наурызда Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстандағы жас ғалымдарға арналған гранттар: Конкурсқа қалай өтініш беруге болады?

admin

Мемлекет басшысы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға қол қойды

admin

Атырауда әкімнің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты басталды

admin