ТОП-10: Қазақстандықтар ең жиі сатып алатын дәрі-дәрмек тізімі белгілі болды

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтар жиі сатып алатын дәрі-дермектер тізімін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттарды міндетті цифрлық таңбалау енгізілген болатын. Соның нәтижесінде таңбалау және тауарлардың қадағалануының бірыңғай операторының жүйесі тұтынушылық сұранысты нақты уақыт режимінде тіркеуге мүмкіндік берді.

Таңбалау жүйесі әрбір дәрілік препараттың қаптамасының қозғалысын өндірушіден бастап түпкі тұтынушыға дейін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Ұсынылған статистика дәріханалардағы бөлшек сауданы нақты көрсетеді. Сонымен қатар, таңбалау жүйесі әрбір препараттың түпнұсқа екенін және заңды айналымның толық жолынан өткенін кепілдейді, – дейді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің мәліметінше, цифрлық таңбалау шеңберінде әрбір дәрілік препараттың қаптамасына бірегей Data Matrix коды беріледі.

Сондай-ақ, тұтынушы, дәріхана немесе тексеруші орган Naqty Onim мобильдік қосымшасы арқылы препараттың түпнұсқалығын бірден тексере алады.

Бұл заңды тауар айналымы шеңберінде жалған дәрілерді сатуды техникалық тұрғыдан мүмкін емес етеді.

Сатылым бойынша көш бастап тұрған препараттар тізімі:

  1. Этил спирті — 4,1 млн бірлік

  2. Натрий хлориді — 2,1 млн бірлік

  3. Парацетамол — 1,75 млн бірлік

  4. Аспирин — 1,5 млн бірлік

  5. Нафазолин — мұрын бітелгенде қолданылады

  6. Цитрамон П — 1,23 млн бірлік

  7. Меновазин — 897 мың бірлік

  8. ТераФлю — тұмауға қарсы

  9. Белсендірілген көмір — 636 мың бірлік

  10. Фурацилин — 623 мың бірлік