Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстанда 32 мектеп апатты жағдайда тұр

Қазақстанда соңғы жылдары мектеп тапшылығын азайту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ресми дерекке сәйкес, 2019 жылдан бері елімізде 1200-ден астам мектеп салынған. Соның нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 4 есе, ал апатты жағдайдағы ғимараттар 2 есе қысқарған.

Бүгінде Қазақстан бойынша 53 мектеп үш ауысыммен оқытады. Ал 32 мектеп апатты жағдайда тұр.

Бұл көрсеткіштер елдегі барлық мектептердің 1%-дан аз бөлігін ғана құрайды, — деді Жайық Шарабасов.

2026 жылы білім беру инфрақұрылымын дамыту жалғасады. Жоспар бойынша, 50 мың оқушыға арналған 90 жаңа мектеп салу көзделген.

Еске салайық, 2027 жылдан бастап мектептерге қатысты өзгеріс болады.

Сәйкес жаңалықтар

Жыл басынан бері «109» нөміріне 200 мыңнан аса қоңырау түскен

admin

Түлкібас ауданында Абай күніне орай «Абай оқулары» өтті

admin

Арыс: бөлім басшысы тағайындалды

admin