Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстан мен Аустрия арасындағы миграциялық келісім күшіне енді

Тоқаев заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу келісімін ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Аустрия Республикасы Федералдық Үкіметі арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Құжатқа сәйкес, екі ел арасындағы келісім заңсыз жүрген адамдардың қайтарылуын және транзиттік қозғалысын реттеуге бағытталған. Бұл шара Қазақстан мен Аустрия арасындағы құқықтық ынтымақтастықты нығайтып, заңсыз миграцияның алдын алуға ықпал етеді.

Заңның қол қойылуы халықаралық тәжірибе мен Қазақстанның құқықтық міндеттемелерін орындау аясында жүзеге асырылған.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада басталды

admin

Алматыда жаңбырдан кейін су тасқыны болуы мүмкін – ТЖД

admin

​Аппарат мәжілісі өтті

admin