Қазақстандықтардың долларға қызығушылығы рекордтық деңгейге жетті

Қазақстандықтардың доллармен жинайтын жинағы соңғы жылдардағы ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жинағын доллармен сақтайтындардың үлесі соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткішке жеткен. Яғни, қазақстандықтардың қолма-қол долларға деген қызығушылығы айтарлықтай артқан. Ақпан айында сауалнамаға қатысқандардың 48%-ы долларды жинақ ретінде таңдаған. Бұл 2016 жылдан бергі бақылау кезеңіндегі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды DATA HUB Telegram-арнасы.

Мұндай мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі тапсырысымен жүргізілетін халыққа арналған тұрақты сауалнамада келтірілген. Бір жыл ішінде қолма-қол доллардың танымалдылығы бірден 16,2 пайыздық тармаққа өсті.

Қанша қазақстандықдың жинағы бар?

Валюта туралы сұрақ тек ақша жинап жүрген адамдарға ғана қойылды. Зерттеу нәтижелері бойынша:

  • Қатысушылардың 25,4%-ы жинақ жасайды;

  • 69,5%-ы ақшасын банктік депозиттерде ұстайды;

  • 35,6%-ы қаражаттың бір бөлігін қолма-қол сақтайды;

  • 21,7%-ы жылжымайтын мүлікке инвестиция салады;

  • 11%-ы бағалы қағаздарға қаржы құяды. (Қатысушылар бірнеше жауап нұсқасын таңдай алды).

Долларға деген қызығушылықтың артуы теңгенің нығаюы аясында орын алуда. Ақпан айында АҚШ валютасының ресми бағамы 489,17 теңгеге дейін төмендеді. Бұл 2025 жылдың наурызынан бергі ең төменгі көрсеткіш. Жалпы, бір ай ішінде теңге шамамен 0,7%-ға нығайып, бір доллар үшін 497,56 теңгені құрады. Ақпан айы ұлттық валютаның қатарынан бесінші ай бойы нығаюымен есте қалды.

Қазақстандықтар қолма-қол ақшаны қай валютада сақтайды?

Доллардың танымалдылығы артқанына қарамастан, халықтың басым бөлігі әлі де қолма-қол ақшаны теңгемен ұстайды. Сауалнама мәліметтеріне сәйкес:

  • 83,7%-ы қолма-қол ақшаны теңгемен;

  • 12,5%-ы еуромен;

  • 5,8%-ы ресейлік рубльмен сақтайды.

Сонымен қатар, бір жыл ішінде теңгенің үлесі шамамен 3,6 пайыздық тармаққа сәл төмендеген.

Еске салайық, бұған дейін әлемде мұнай бағасы күрт көтерілгенін хабарладық.