Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Ақмолада пойыз үйір жылқыны қағып кетті: 11 мал қырылды

Ақмола облысында Ерейментау – Алтынтау бағытымен келе жатқан жүк пойызы теміржолға шыққан 11 жылқыны қағып кетті. Машинис шұғыл тежегенімен, апатты болдырмау мүмкін болмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көліктегі полицияның мәліметінше, Ерейментау – Алтынтау бағыты бойынша келе жатқан жүк пойызының машинисі теміржол үстінде жүрген үй жануарларын байқап, шұғыл тежеу қолдануға мәжбүр болған.

Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған. Пойыз жолда тұрған 11 жылқыны қағып кеткен. Оқиға салдарынан пойыз жоспардан тыс тоқтап, қозғалыс 23 минутқа кідірді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 35 жастағы шаруа қожалығының жылқышысы анықталды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Ведомство дерегінше, жыл басынан бері Қазақстанда пойыздардың 234 рет шұғыл тежеу жағдайы тіркелген. Оның ішінде 61 жағдайда теміржол үстінде адамдардың жүруі, ал 167 жағдайда ауыл шаруашылығы жануарларының жолға шығуы себеп болған.

Полиция қызметкерлері теміржол маңында мал жаю кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Мамандардың айтуынша, теміржолға малдың шығуы пойыз қозғалысына қауіп төндіріп қана қоймай, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Сәйкес жаңалықтар

Полиция ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 3900 дерегін анықтады

admin

Астанада Елорда күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды

admin

Бәйдібек: ҚР Ұлттық экономика вице-министрі «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында іске асырылып жатқан жобалармен танысты

admin