ШЫМКЕНТ: Ж.Бектаева «Абадан» бастауыш мектебінің ашылу салтанатына қатысты

«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева «Абадан» бастауыш мектебінің ашылу салтанатына қатысты.

552 оқушыны қамтитын, 2 тілде білім беретін заман талабына сай жабдықталған мектепте оқушыларды дамытатын түрлі үйірмелер мен қосымша сабақтар қарастырылған.

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлау бағдарламасында Шымкент қаласы бойынша білім ошақтарының салынуы мен ондағы балалардың білім алуына басымдықтар берілген.
Қаламыздағы 19 үш ауысымды мектептің мәселесін шешу жолында партия қарқынды жұмыс жүргізуде. Жекеменшік мектептердің көптеп ашылуы – білім сапасын арттыруда оң серпін беріп, мектеп тапшылығын жоюға басты қадам болмақ. Бүгін бірнеше мектептің пайдалануға берілуі нақты істердің көрсеткіші.

– «Білім күні – халықтық мереке! Әрбір адам үшін бұл мейрам ерекше ыстық, әрі маңызды. Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын бүлдіршіндердің жүрегінде бүгінгі күн мәңгіге сақталады. Олар үшін бұл сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам. Бүгінгі ашылып отырған “Абадан” бастауыш мектебі заман талабына сай жаңаша жұмыс істеп, нағыз білімнің ордасы болады деген ойдамын. Осында оқитын оқушылардың білім деңгейі жаһандық сұранысқа сай және бәсекеге қабілетті болып, еліміздің өркендеуіне үлес қосар мықты азаматтарды тәрбиелеріне кәміл сенемін!», – деді Жанар Әлібекқызы өз құттықтау сөзінде.

Биыл Шымкентте 203 мектеп дәстүрлі форматта білім беру үшін есіктерін айқара ашты. Сондай-ақ, 25,5 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап, болашаққа алғашқы қадам жасады.

Әрбір мемлекеттің болашағы, дамуы білімді, денсаулығы мықты, мәдениетті азаматтарына байланысты. Сондықтан білім сапасын көтеру – партияның басты назарында.ты.

ПІКІР ЖАЗУ