Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «Жастардан-жастарға» ақпараттық керуені жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әрі 30 тамыз Конституция күні қарсаңында Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «𝗝𝗮𝘀 𝗢𝘁𝗮𝗻» жастарының ұйымдастыруымен «Жастардан-жастарға» ақпараттық керуені жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы «Nur Otan» паритиясының Шымкент қалалық филиалы баспасөз қызметі хабарларды.

Жоба аясындағы түсіндірме жұмыстары Абай ауданына қарасты, Ынтымақ шағын ауданында өтті.

Аталған жобаның мақсаты — Шымкент қаласы, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында орналасқан шалғай елді – мекендердегі  жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі, кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында кеңінен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу және NEET санатындағы жастар үлесін азайту.

Жобаға «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің мамандары, «Отбасы банк» АҚ – мамандары, «𝗝𝗮𝘀 𝗢𝘁𝗮𝗻» жастарының белсенді жастары және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары мен «Жастардан – жастарға ақпараттық керуен» жобасына арнайы құрылған мобилді топ қатысты.

 

Сәйкес жаңалықтар

LRT вагондарын құрастыру жұмыстары басталды

admin

Түркістан: Бәйдібекте «тең қоғам – белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы жұмысын бастады

admin

Көлік полициясының жас қызметкерлері мұражайға экскурсия жасады

admin