Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылдан бастап өзгереді

Қазақстанда әйелдер зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып белгіленген. Бұл туралы Әлеуметтік кодексте нақты жазылған. Ерлер үшін зейнеткер жасы 63 жас болып қалып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Редакциямыз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ресми сауал жолдап, әйелдердің зейнет жасына қатысты қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін нақтылады.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы кезең-кезеңімен ұлғая бастайды:

• 2028 жылы – 61,5 жасқа толғанда;
• 2029 жылы – 62 жасқа толғанда;
• 2030 жылы – 62,5 жасқа толғанда;
• 2031 жылы – 63 жасқа толғанда.

Яғни 2031 жылдан бастап, әйелдер мен ерлердің зейнеткерлік жасы теңесіп, екеуіне де 63 жас қолданылады.

Министрлік бұл кезеңдік арттырудың зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын сақтау мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.

Сәйкес жаңалықтар

СОЦИС-А Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты жүргізген социологиялық зерттеу қорытындысы бойынша баспасөз релизі

admin

Түркістан: «Ордабасы нан» кәсіпорны күніне 450 тонна ұн өңдейді

admin

Қазақстанның әскери қызметшілер Ұлыбританиядағы «Кембрий патрулі» халықаралық жарысында үшінші орынға ие болды

admin