Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Әуежайлар, порттар және энергия жүйесі: Президент қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына және әкімдерге тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымдардың қорғанысын нығайту бойынша  міндеттер жүктеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді, — делінген хабарламада.

Сәйкес жаңалықтар

Жетісу облысында екі адам күрежолда ажал құшты

admin

Шымкент: Асар-2 шағын ауданы тұрғындарының талап-тілегі орындалатын болды

admin

Шымкент қаласының әкімі қаладағы бірқатар нысандарды аралады

admin