Ұлттық қауіпсіздік комитеті 121 істі сотқа жіберді: Кімдер жауап береді?

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, қаңтар айында елде 126 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның 110-ы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жатады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҰҚК дерегіне сәйкес, анықталған фактілердің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану деректерімен байланысты. 89 адамның заңсыз қызметінің жолы кесілді.

129 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, оның 121-і сотқа жолданды. Аяқталған істер бойынша келтірілген залал көлемі 18 млрд теңге болды. Оның ішінде 100 млн теңгеден астам қаражат бюджетке өндірілді.

Ведомство аталған бағыттағы жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті.