Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Т.Нишанбаев 50 оқушыны мектепке қажетті оқу жабдықтарымен қамтамасыз етті

Ата заң, Конституциямыздың 26 жылдығы қарсаңында, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай,
«Nur Otan» «Испиджаб» бастауыш партия ұйымы төрағасы Тахирбек Нишанбаев мектеп оқушыларын жаңа оқу жылы басталуымен құттықтап, бүлдіршіндерді, 50 оқушыны мектепке қажетті оқу жабдықтарымен қамтамасыз етті.

«Мектепке жол» акциясы аясында ұйымдастырылған іс-шараға қатысқан ата-аналар кәсіпкерге алғысын білдірді.
Іс-шара Наурыз саябағында, санитарлық талаптарды сақтай отырып, ашық аспан астында болып өтті. Мерекеге орай, балаларға тәттілер, тіскебасарлар таратылды.

Аталған акцияның мақсаты — жаңа оқу жылына дайындық уақытында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларын қолдап, нақты көмек көрсету.

“Низамхан” орта мектебінде өткен шараға Шымкен қаласы «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Шымкент қаласы, Сайрам ауданының құрметті азаматы, «Низамхан» мектебінің құрылтайшысы Низамхан Сулайманұлы мен мектеп директоры Корбан Юлия Сергеевна қатысты.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясы мүшесі Сулайманов Лазиз Низамханұлының демеушілігімен 236 балаға құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табысталды.

Сәйкес жаңалықтар

Почти 294 тыс. школьников Алматы охвачены летним отдыхом

admin

Түркістан облысында заң талабын сақтамаған 22 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарты тоқтатылды

admin

Қарағанды облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде

admin