Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
БілімЖаңалықтар

27 ақпан күні Астана оқушылары үйден оқиды

Астана қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

27 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1–2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, – делінген хабарламада.

Осыған байланысты білім беру ұйымдары сабақтарды онлайн форматта өткізеді. Ата-аналар мен студенттерге сабақ кестесі мен тапсырмалар бойынша ақпаратты білім беру платформалары арқылы қадағалау ұсынылды.

Еске салсақ, бұған дейін наурызда оқушылардың қанша күн демалатыны белгілі болды.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: В клинической больнице №1 открыт инфекционный стационар на 100 коек

admin

ТҮРКІСТАН: Жетісайда мақта, сүт кластеріне қатысты жобалар жүзеге асырылады

admin

Түркістан оқушылар сарайы есеп беру концертін өткізді

admin