Қазақстанда қанша қала мен ауыл бар екені белгілі болды

Ұлттық статистика бюросының 2026 жылғы 1 қаңтардағы есебіне сәйкес, еліміздің әкімшілік картасы толық айқындалды. Елді мекендердің де жаңа құрылымы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстанда қала мәртебесіне ие 90 елді мекен бар. Олардың ішінде:

  • 3 мегаполис: Астана, Алматы және Шымкент

  • 39 қала — облыстық маңызы бар.

  • 48 қала — аудандық деңгейдегі орталықтар.

Өңірлер бөлінісінде қалалардың ең көп саны Ақмола облысында – 11 бірлік.

Сондай-ақ Ақтөбе және Қарағанды облыстарында – әрқайсысында 8 қаладан бар.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің әкімшілік-аумақтық құрылымында 195 аудан, 29 кент, 2 157 ауылдық округ және 6 096 ауыл тіркелген. Республика бойынша аудандардың ең көп саны Ақмола облысында – 17 бірлік, кенттердің ең көбі Қарағанды облысында – 8 бірлік. Ауылдардың ең көп саны Түркістан облысында тіркелген – 794 бірлік, – деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан халқының саны қаншаға жеткені хабарланған.