Қазақстанда әуе билеттерін рәсімдеу талаптары өзгерді

Қазақстанда прокуратура бастамасымен әуе билеттерін рәсімдеуге қойылатын талаптар, оның ішінде жолаушылардың жеке деректерін түзету бөлігінде жаңартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ҚР Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
Азаматтардан түскен өтініштерді талдау көрсеткендей, әуе билеттерін рәсімдеу кезінде фамилия, аты және әкесінің атына байланысты аздаған қателіктер үшін жиі айыппұл салынатын болған. 2025 жылы “Qazaq Air” АҚ (қазіргі Vietjet Qazaqstan) 3 815 жолаушының деректерін түзеген, олардың көбісі екі әріпке дейінгі қате түзетулер болған – деп нақтылады Бас транспорт прокуратурасында.
Прокурорлардың әуе компаниялары басшыларымен кездесулері нәтижесінде деректерді түзету бойынша жаңа тәртіп енгізілді.




