Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Бас мүфти Рамазан айындағы құдайы астарды ауызашар уақытында өткізуді ұсынды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айы қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Баршаңызды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қасиетті айда ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларына үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп, көбірек сауап алуға тырысайық, — деді мүфти.

Ол қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да сауапты істің бірі екенін атады.

Бұл айда тек табысқа кенелуге емес, ең бастысы, халықтың разылығы мен алғысын алуға асыққан абзал. Дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегімізді жеткіземіз. Бұл қасиетті айда баршамыз рухани байып, жақсылықта жарысып, қолымыздан келгенше қайырымдылық істермен көбірек айналыссақ, — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның барлық өңіріне арналған ораза кестесі шықты.

Сондай-ақ, 2026 жылғы пітір садақаның мөлшері белгілі болды.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте зейнеткерлердің шипажайларға кезекке тұруы автоматтандырылды

admin

Шымбұлақтағы тау беткейлері бекітіледі

admin

Электр станцияларындағы жөндеу науқаны бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде

admin