ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданындағы 11 нысанға мониторинг жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы мәслихаттың депутаттары Еңбекші ауданы әкімінің ағымдағы жылдағы атқарылып жатқан жұмыстарына байланысты 11 нысанға мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Бұл жолы мәслихат депутаттары Қыдырбаев Бақыт, Жолдыхожаев Мұрат, Сүлейменов Ләзиз, Балтабаев Талғат, Төлегенов Ноян жұмыс тобымен бірлесіп Еңбекші ауданындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Арнайы мониторинг барысында депутаттар РК-3 жылу қазандығының қысқы маусымға дайындығын, балалар ойын алаңшасының құрылыс барысын, сондай-ақ, №46 және №38 мектептерінің қосымша құрылыс жұмыстарымен танысып, мониторинг тобының өкілдері бір қатар мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Ұлағат ш/а мектеп жері және кәріз жүйесінің сапасын тексерген депутаттар жақында қолданысқа берілетін сквердің құрылыс барысымен де жіті танысып шықты.
Бұдан кейін аудан аумағындағы ирригация құрылысын, жалын тұрғын алабындағы Текесу көпірінің құрылысын, Шаңырақ шағын ауданындағы ГЧП аясында Дәрігерлік амбулатория мен Тоғыс тұрғын алабындағы №120 мектебіне қосымша құрылыс нысандарына ат басын бұрды.

Өз кезегінде депутаттар құрылыс саласының жіті бақылауда болатынын ескертіп, сала мамандарына аталған нысандардың жұмысын назарға алатынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік депутаттардың аудандарға мониторинг жұмыстары жалғасуда, алдағы уақытта Әл-Фараби ауданы мен Абай аудандарының арнайы мониторинг жұмыстарын жариялайтын боламыз.

ПІКІР ЖАЗУ