Алатау қаласы халықаралық хабқа айналады — сарапшы

Алатау арнайы құқықтық база қалыптастыру және жобалау кезеңінен бастап «ақылды» технологияларды енгізу арқылы бірегей технологиялық орталыққа айналады. Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі, Harry Dobbs Design LTD компаниясының жетекшісі Гарри Уильям Доббс мегаполистің даму перспективалары мен қолайлы инвестициялық ахуал құру туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бизнес үшін ұзақмерзімді болжамдылықты қамтамасыз ететін конституциялық, құқықтық және қаржылық негіздер белсенді түрде әзірленуде. Гарри Уильям Доббс ашық әрі түсінікті ережелер қалыптастыру Smart City секілді жобаларға ірі халықаралық компаниялар мен жеке инвесторларды тартудың негізгі факторы болып табылады деп атап өтті.

Алатауда бізде қаланы нөлден бастап, осы жаңа “ақылды” технологияларды ең бастан енгізе отырып жобалаудың бірегей мүмкіндігі бар. Мұндай мүмкіндік жиі кездеспейді және бұл Алатаудың дамуы барысында осы салада көшбасшы болуына, сондай-ақ мұндай технологияларды ең алғаш енгізгендердің бірі болуына жол ашады, — деп атап өтті Гарри Уильям Доббс.