Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешенін бұзу басталды

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері «Мәдениет» шағынауданы, 185/8 мекенжайында орналасқан «Достар Делюкс» аз қабатты тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстары басталғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында нысанның құжаттары толық емес екені анықталған. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, жер учаскесін бастапқы қалпына келтіру туралы нұсқама берілген.

2024 жылы 5 тамызда басқарма нұсқаманы мәжбүрлеп орындату туралы талап арызды Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолдады.

Сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды. 2025 жылы 27 наурызда Алматы қалалық соты бірінші сатылы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Осыдан кейін материалдар орындау үшін қалалық Әділет департаментіне жолданды.

Сот шешімін орындау аясында меншік иесі нысанды бұзып, аумақты қайтадан көмді.

Сәйкес жаңалықтар

Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

admin

Астанада Жеңіс күніне орай ардагерлерге қандай төлем түрлері берілді

admin

Шымкентте Республика күніне орай жастар шеруі өтті

admin