Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Еліміздегі бензин қоры қанша күнге жететіні белгілі болды

Шымкент МӨЗ-де қондырғыны жоспарлы жөндеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі «ҚазМұнайГаз»-ға сілтеме жасап.

Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ПКОП ЖШС) каталитикалық риформинг қондырғысындағы катализатор белсенділігін қалпына келтіру бойынша жоспарлы жұмыстар басталды. Бұл – стандартты рәсім, екі жылда бір рет жүргізіледі. Оның ұзақтығы 7 тәулікке дейін созылады.

Мұнай өнімдерін тұтынушыларға жөнелту қалыпты режимде жүзеге асырылып жатыр, аталған жұмыстар тауарлық балансқа әсер етпейді.

Елдегі мұнай өнімдерінің қазіргі қоры:

АИ-92: 354,2 мың тонна (28 күнге жететін қор)

АИ-95: 91,8 мың тонна (25 күнге жететін қор)

Дизель отыны: 400 мың тонна (31 күнге жететін қор)

Авиаотын: 114,9 мың тонна

Жөндеу кезеңіне зауыт қалыптастырған қосымша қор:

АИ-92: 21 200 тонна

АИ-95: 3 100 тонна

Дизель отыны: 4 900 тонна

Авиатопливо: 5 000 тонна

Сұйытылған газ: 700 тонна

Бұған дейін Энергетика министрлігі бензин бағасына қатысты сауалға жауап берген еді.

Сәйкес жаңалықтар

Отбасы күнінде ақ жаулықты анадан бата алды

admin

Түркістан мен Кентаудың экс-әкімі Рашид Аюпов сотталды

admin

Жыл басынан бері 8 мыңнан астам алматылыққа арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді

admin