Әр үйге 20 мың теңге: Рамазан айына орай халыққа төлем берілетіні рас па?

Әлеуметтік желілерде Рамазан айына орай әлеуметтік көмек көрсетілетіні туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Желіде таралған ақпаратта 2026 жылғы Рамазан айына арналған 20 000 теңгелік көмек пакетіне өтінім нысаны жарияланғаны айтылған.

Әр отбасы күріш, ұн, өсімдік майы, жасымық, қант, шай, құрма сияқты қажетті заттарды және 20 000 теңге алады. Қалай алуға болады? Төмендегі сілтемеге кіріп, келесі сұрақтарға жауап беріңіз, сонда сіз бірден 20 000 теңгелік Рамазан айына арналған көмек пакетін аласыз. Өтінім беру басталды, өтініш бергендер өз пакеттерін ала бастады, – деп сілтеме көрсетілген ақпарат тарады.

Осы хабарламаның рас-өтірігін анықтау үшін редакциямыз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және ҚМДБ-мен байланысты.

Министрлік бұл хабарламаның жалған екенін айтты. Ал ҚМДБ әлі ресми мәлімет бермеді.