Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСаясат

Тоқаев пен Трамп не жайында сөйлескені белгілі болды

Бірқатар БАҚ өкілдері Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Мемлекет басшысы мен Америка Президенті арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауал жолдады. Бұл сұрақтарға ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды. Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі, — деп жазды ол.

Оның айтуынша, Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Бұған дейін сарапшылар Трамп құрған «Бейбітшілік кеңесі» Қазақстанға не береді? деген сауалға жауап берген еді.

Сәйкес жаңалықтар

Түлкібас: түсіндірме жұмыстары жүргізілді

admin

Төлеби ауданынының әкімі аймақтағы инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар барысын баяндады

admin

Беларусь елден бір келіден артық қант, тұз, ұн алып шығуға тыйым салды

admin