Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Әскерге кеткендер енді кредит ала алмайды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар туралы мәліметтермен алмасу қағидаларын бекіту жөніндегі қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжатта Қорғаныс министрлігі мен кредиттік бюролар арасындағы ақпарат алмасу тәртібі айқындалған. Бұл тетік әскери қызмет өткеру кезеңінде қарыз төлемдерін кейінге қалдыруды қамтамасыз ету және жеке тұлғаның кредиттік есебінде тиісті мәртебені көрсету мақсатында енгізілмек.

Қаулы жобасына сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары кредит беру туралы өтінім түскен кезде азаматтың кредиттік тарихындағы мәртебесін міндетті түрде тексеруі тиіс. Егер кредиттік есепте жеке тұлғаның мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқаны көрсетілсе, қаржы ұйымдары кредит беру туралы өтінімді қабылдамайды.

Әзірлеуші органның мәліметінше, бұл бастама «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң талаптарын іске асыруға бағытталған. Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкелмейді деп күтіліп отыр.

Бұған дейін әлеуметтік желіде «несие кешіріледі» деген ақпарат тараған еді.

Сәйкес жаңалықтар

Тараз қаласында биыл 140 шақырымнан аса жол орташа жөндеуден өтеді

admin

Келес ауданында «Алатау» атты ауыл болады

admin

Шымкентте 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жүйелі жүзеге асырылуда

admin