2026 жылы паспорт, куәлік және жүргізуші құжатын жасату қанша теңге тұрады?

2026 жылы Қазақстанда АЕК мөлшері өзгерді, қазір ол 4 325 теңге. Осыған байланысты мемлекеттік баждың құны да жаңартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл тарифтер қанша теңге екенін және құжаттарды қалай жасатуға болатынын түсіндіреміз.
Төлқұжат (паспорт)
36 беттен тұратын төлқұжат – 34 600 теңге.
48 беттен тұратын төлқұжат – 51 900 теңге.
Балалар төлқұжаты – 17 300 теңге.
Балалар паспорты 24 бет болады. 12 жасқа дейінгі балалардың құжаты 5 жылға, ал 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалардың құжаты 10 жылға жарамды.
Балаларға паспортты қалай рәсімдейміз?
Ол үшін мынадай құжаттар қажет:
– туу туралы куәлік.
– ата-атасының жеке куәлігі.
– мемлекеттік баж төлеу квитанциясы немесе мемлекеттік баждан босатылғанын растайтын құжат.
– ҚР паспорты (егер болса).
Сондай-ақ құжат жасатарда ата-атасының бірінің болуы міндетті.
18 жасқа толған азаматқа паспорт алу үшін қандай құжат қажет?
– ҚР жеке куәлігі.
– ауыстыру кезінде ҚР паспорты.
– мемлекеттік баж төлеу квитанциясы немесе мемлекеттік баждан босатылғанын растайтын құжат.
Жеке куәлік
Жеке куәлікті жасату құны – 865 теңге.
Қажет құжаттар тізімі:
– ауыстыру кезінде жеке куәлік.
– мемлекеттік баж төлеу квитанциясы немесе мемлекеттік баждан босатылғанын растайтын құжат.
– ҚР паспорты (егер болса).
Бала 16 жасқа толған кезде алғашқы жеке куәлікті қалай рәсімдейміз?
Қажет құжаттар тізімі:
– туу туралы куәлік.
– ата-анасының жеке куәлігі.
– мемлекеттік баж төлеу квитанциясы немесе мемлекеттік баждан босатылғанын растайтын құжат.
– ҚР паспорты (егер болса).
Сондай-ақ құжат жасатарда ата-атасының бірінің болуы міндетті.
Жүргізуші куәлігі
Жүргізуші куәлігін рәсімдеу – 5 406 теңге.
Жүргізуші куәлігін алу үшін қажетті құжаттар тізімі:
– жеке куәлік.
– медициналық анықтама (073/у нысаны, электрондық базалардан алынады).
– авто мектепті аяқтағаны туралы куәлік (электрондық базадан алынады).
– мемлекеттік баж төлегені туралы квитанция.




