Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Енді жұмыс берушілер қызметкері үшін көбірек жарна төлейді

 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері ұлғайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БЖЗҚ ақпаратынша, қазіргі таңда жарна мөлшерлемесі қызметкердің табысынан 3,5% құрайды.

Жарна мөлшері кезең-кезеңімен өседі:

2024 жылы – 1,5%

2025 жылы – 2,5%

2026 жылы – 3,5%

2027 жылы – 4,5%

2028 жылы – 5%

Еске сала кетсек, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан өз қызметкерлерінің пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударуға міндеттеледі.

Маңызды:

Бұл жарналар қызметкердің жалақысынан ұсталмайды. Оларды жұмыс беруші қызметкердің міндетті зейнетақы жарналарына қосымша түрде төлейді.

Сәйкес жаңалықтар

Астанадағы авиациялық бөлімде Жеңіс күні ауқымды Ашық есік күнімен аталып өтті

admin

Түлкібас ауданында Республика күніне орай 300 түп шырша ағашының көшегі отырғызылды

admin

Түркістан: Жетісайда жол салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

admin