Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстан көмірсутек экспортын дамытады

 Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанның көмірсутек экспортының бағыттарын дамыту, отандық энергетика саласына шетелдік инвестициялар мен озық технологияларды тарту, сондай-ақ жобаларды халықаралық компаниялардың қатысуымен іске асыру мәселелері бойынша еліміздің сыртқы саяси ведомствосы мен ҚМГ арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

А.Хасенов ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұлттық мұнай-газ компаниясының мүддесін шетелде ілгерілетудегі жан-жақты қолдауы үшін алғыс білдірді.

Сәйкес жаңалықтар

Астана көшелерін енді жасанды интеллектпен тазалайды

admin

Шахтадағы апат. Төртінші кеншінің денесі табылды

admin

Түркістан облысы тұрғындарының өтініштері тыңдалды

admin