Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Ауа райына байланысты бірқатар республикалық жолда қозғалыс шектелді

Ауа райының нашарлауына байланысты бүгін, 14 желтоқсанда сағат 09:00-ден бастап республикалық маңызы бар бірқатар автожолда барлық көлік түрлері үшін уақытша қозғалыс шектеуі енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Қызылорда облысында қозғалыс «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240–1806 шақырым аралығында (Ақтөбе облысының шекарасынан Қызылорда қаласына дейін) шектеледі.

Ақтөбе облысында осы жолдың 1153–1240 шақырым аралығында (Ырғыз кентінен Қызылорда облысының шекарасына дейін) қозғалысқа шектеу қойылады.

Қозғалысты қайта ашудың болжамды уақыты – 14 желтоқсан, сағат 17:00.

Жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, сапар бағытын алдын ала жоспарлау және ресми ақпаратты қадағалау ұсынылады

Сәйкес жаңалықтар

Жат ағымның жетегінде кеткен жастар: қоғамға төнген қауіп

admin

Түркістан: бөлім басшыларының күнделікті жоспары

admin

Астанадағы авиациялық бөлімде Жеңіс күні ауқымды Ашық есік күнімен аталып өтті

admin