Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Биыл студенттер де дәстүрлі оқу форматында білім алуға көшірілді

Биыл студенттер де дәстүрлі оқу форматында білім алуға көшірілді. Дегенмен оларға бірқатар қатаң талап қойылып отыр. Студенттерге оффлайн білім алу үшін санитарлық талаптарды орындау қажет. Бұл ретте 18 жастан асқан студенттер вакцина алуға тиіс. Ал жатақханаларда кіріп-шығу тәртібі күшейе түспек. Жатақхана қызметкерлері мен шәкірттерден өзге адамдарға ғимарат ішіне кіруге тыйым салынады.
Брифинг барысында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Алдарқұл Ахметов студенттердің вакцина алғанына қарамастан бептерде киюге міндетті екенін де ескертті.
– Мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар мен мұғалімдер де оқу ғимаратының ішінде және сыртында міндетті түрде бетперде тағып жүруі керек. Бізде бетперде режимін тоқтату мәселесі әлі қаралған жоқ. Ұжымдық иммунитет қалыптасқан кезде ғана бұл мәселе қарастырылуы мүмкін. Өйткені вакцина алғанына қарамастан вирусты жұқтыру фактілері бар. Оны ешкім жасырмайды. Сондықтан кез келген азамат вакцина алды ма, алмады ма, бетпердені міндетті түрде тағуы тиіс, — деді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.
Колледж пен университет аймағында карантиндік талаптар бұзылғаны туралы шағымдар келіп түскен жағдайда мониторингтік топтар тексеру жүргізеді. Ол үшін топ мүшелерінің құзіреті кеңейтіледі. Олар оқу орындарына, соның ішінде асханалар мен жатақханаларға емін-еркін кіріп, санитарлық талаптарды бақылайды. Ал тәртіп бұзғандар әкімшілік жазаға тартылады, дейді жауапты сала өкілдері.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда 200-ден астам жасыл желек аймағы бар

admin

Экспорт импорттан асып түсті: Қазақстанның сыртқы саудасы 11 млрд долларға жетті

admin

Түркістандық Антикор атқарған жұмыстармен таныстырды

admin