Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСаясат

ТМҰ-ға мүше елдердің өнеркәсіп министрлері Қазақстанда кездеседі

 ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұлов Баку қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Өнеркәсіп, ғылым, технология және инновация министрлерінің 2-ші кездесуіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында қатысушылар өнеркәсіп, ғылым, технология және инновация саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

Рахымжан Исақұлов баяндама жасап, Қазақстанның өнеркәсіптік бастамаларын, инновациялық экожүйені, цифрландыруды және шығармашылық экономиканы дамыту бойынша бастамаларды атап өтті.

Іс-шараны Әзербайжан Республикасының экономика министрі Микайыл Джаббаров басқарды. Оған ТМҰ Бас хатшысы, Қырғызстан Республикасының, Түркияның, Өзбекстан Республикасының министрлері және Әзербайжандағы Венгрия елшісі қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Декларация қабылданып, ТМҰ-ның 2025–2026 жылдарға арналған жаңартылған іс-қимыл жоспары бекітілді.

Келесі жылы Түркі мемлекеттері ұйымының Өнеркәсіп, ғылым, технология және инновация министрлерінің 3-ші кездесуі Қазақстанда өткізілуі жоспарланғанын атап өткен жөн.

Сәйкес жаңалықтар

М.Әйтенов балаларын тастап кеткен әкелерден алимент өндіруде жоспарлы жұмыс жүргізуді тапсырды

admin

Түлкібас ауданында жаңа мектеп бой көтеруде

admin

Дархан Сатыбалды мердігерлердің жұмысын қатаң сынға алды

admin