Қатыгез шайқас: Жаңаөзендегі оқушы қыздардың төбелесі желіні дүр сілкіндірді

Желіде Жаңаөзенде оқушы қыздардың аяусыз төбелескен видеосы тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Кадрларда төбелесіп жатқандардың бірі екінші қызға бірнеше соққы жасап, тұншықтыру әдістерін қолданғаны көрінеді.
Полицияның баспасөз қызметі төбелеске қатысқан қыздар анықталып, ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізілгенін хабарлады.
Кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларын тәрбиелеу мен оқыту міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды. Жасөспірімдер алдын алу есебіне алынды, – деп хабарлады ведомствода.