Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Жаңбыр, қар, үсік: 19 қазанға арналған ауа райы болжамы

 «Қазгидромет» 19 қазанға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батысында, солтүстік-батысында, шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Қалған өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі.

Түнде Қызылорда облысында 1-6 градус үсік болады деп болжануда. Ал Алматы облысының солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысында, Атырау облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, Алматы облысының батысында, Қостанай мен Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Ұлытау облысының шығысы мен орталығында және Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысы, Жамбыл облысының батысы мен солтүстігі, Ақтөбе облысының батысы, солтүстік-шығысы мен орталығы, Алматы облысының солтүстігі, Қостанай облысының оңтүстігі, Батыс Қазақстан облысы және Ұлытау облысының оңтүстігінде ерекше жоғары өрт қаупі күтіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Білім ғимараттары жаңартылып жатыр

admin

Шымкент: аймақаралық форумда халықты ерте пісетін көкөністермен қамту мәселелері қарастырылды

admin

Түркістан облысында полиция заңсыз көші-қон арналарын анықтап, іздеуде жүрген 9 шетелдікті ұстады

admin