Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстанда ең төмен жалақы қалай есептеледі?

Келесі жылдан бастап Қазақстан ең төменгі жалақыны (ЕТМ) есептеу кезінде халықаралық стандарттарды қолданады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Сенатта өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа жылдың есебін бастау үшін алдымен еңбек өнімділігі мен медиандық жалақы бойынша статистика қажет. Әдетте бұл деректер жыл сайын сәуір–мамыр айларында жарияланады. Сол кезде есептеу әдістемесі іске қосылып, 5 түрлі нұсқа бойынша талдау жүргізіледі, – деді Ертаев.

Министрліктің мәліметінше, жаңа тәсіл ең төмен жалақыны нақты экономикалық көрсеткіштерге сәйкестендіруге және халықтың табысын әділ бағалауға мүмкіндік береді.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында 280 жұмысшының жалақы қарызы өндірілген

admin

Түркістан облысында полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу шараларын жүргізуде

admin

Әйел дүкен сөресінен ұялы телефон ұрлаған

admin