Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Қостанайда телефон нөмірлерін жалға беріп, алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды

 Қостанай облысында киберқылмыспен күрес қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде пайдаланылған SIM-карталарды заңсыз қосу және жалға беру схемасы әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күдікті бірнеше ай бойы ұялы байланыс операторларының SIM-карталарын тіркеп, оларды WhatsApp желісінде қосып, кейін Telegram арқылы жалға беріп отырған. 

Алдын ала деректер бойынша, ол бірнеше айдың ішінде шамамен 35 абоненттік нөмірді жалға берген. 

Бұл қызметтен түскен жалпы табыс шамамен 5 млн теңгені құраған. Оның белсендірген SIM-карталары арқылы алаяқтар Қостанай мен Тобыл тұрғындарын «Сізге сәлемдеме келді» деген схема бойынша алдап, 2 млн теңгеден астам залал келтірген. 

Полиция қызметкерлері қылмыстық әрекетте қолданылған құрылғылар мен SIM-карталарды дәлелдеме ретінде тәркіледі. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Мұндай схемалар — айтарлықтай қауіп төндіреді. Яғни, жалға берілген SIM-карталар жиі заңсыз мақсаттарда, спам таратудан бастап, анонимді түрде алаяқтық әрекеттерді үйлестіруге дейін пайдаланылады.

Полиция ескертеді: басқа тұлғалар атына тіркелген SIM-карталарды жалға беру және пайдалану — Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу болып табылады. Мұндай жағдайларда жауапкершілікке жалға беруші де, жалға алушы да тартылады.

Сәйкес жаңалықтар

2637 медицина қызметкері марапатталды

admin

Түркістанда 15 мыңнан астам жас колледжде тегін оқитын болды

admin

Шымкент мұнай зауытының жұмысы уақытша тоқтатылды

admin