Астанада өткен стартап-баттлда үздіктер анықталды

Елордада Орталық Азиядағы ең ірі инновациялық дода — Astana Hub Battle 2025 өз мәресіне жетті. Биылғы байқау тарихта тұңғыш рет бірден алты стартаптың жеңісімен есте қалды. Жеңімпаздардың әрқайсысы 25 мың доллар көлемінде грантқа ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жеңімпаз атанған жобалар мен аталымдар:

  • Ticket to the Future номинациясында жеңіс Moon.AI командасына бұйырды. Стартап шағын және орта бизнеске арналған жасанды интеллект негізіндегі операциялық жүйе әзірледі. Жоба компанияның деректерін сақтап, тәулік бойы жұмыс істейтін «цифрлық қызметкер» қызметін атқара алады.
  • Әлеуметтік бағыттағы үздік стартап деп WeGlobal.AI танылды. Оның шешімі жасанды интеллект көмегімен оқушылардың кәсіби бағдарлануын жеңілдетіп, психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған.
  • Серіктестердің арнайы марапатына спорт пен реабилитация саласына арналған Mirai Tech жобасы ие болды. Бұл команда ЖИ негізінде жұмыс істейтін киілетін сенсорларды жасап шығарған.
  • «Қазақтелеком» грантын стоматологиялық клиникалар мен медициналық орталықтарға арналған MacDent платформасы ұтып алды.
  • «Жыл жаңалығы» атағын Паркинсон ауруын ерте диагностикалауға көмектесетін MindShield мобильді қосымшасы мен арнайы білезігі иеленді.
  • Павел Дуровтың арнайы «Экспоненциалды өсім» жүлдесі емтихан кезінде көшіруге қарсы тұруға арналған TrustExam жобасына берілді.

Astana Hub Battle биылғы нәтижесімен аймақтың инновациялық экожүйесінде жаңа серпіліс жасағанын көрсетті. Жеңімпаздар өз салаларында технологияны жаңа деңгейге көтеріп, Қазақстан мен Орталық Азияның цифрлық болашағына үлес қосатынына сенім сол.

Еске салайық, бұған дейін елордада Еуразиядағы ең ірі стартап-баттл өтіп жатқаны туралы жаздық.