Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғамШоу-бизнес

Тағы бір танымал блогердің қызметі тексерілмек

 Қаржылық мониторинг агенттігі танымал блогер JustKing (Нұрбек Нұртазаның) қызметіне қатысты тексеру жұмыстарын бастауы мүмкін. Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елемесовтің айтуынша, блогер бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеген. Алайда енді оның табыс көзі мен салықтық міндеттемелерін орындау мәселесі қаралмақ.

Егер адам заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, табысы 10 000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асқан жағдайда, бұл қылмыстық жауапкершілікке жатады. Ал осы межеден төмен болса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылады, — деді Жеңіс Елемесов.

Қазір агенттік соттан тиісті материалдарды күтіп отыр. Осыдан кейін блогердің қаржылық қызметіне байланысты нақты процессуалдық шешім қабылданады.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Туризм саласындағы студенттер түркияда тәжірибе алмаса алады

admin

Түркістан облысы республикада біркүндік келушілер арасында топ-3 бағытқа кіреді

admin

Түркістанда қонақжай үйлерінің өкілдеріне тренинг өтті

admin