Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Депутат дәрігерлер жұмысына өзгеріс енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы жасанды интеллект мәселесіне қатысты өткен жиында денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіби стандартына “цифрлық” білім мен дағдыларды енгізу қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Медицинада ЖИ бойынша білікті маман тапшы. ЖИ-ді салаға енгіземіз деп бастама көтермес бұрын онымен жұмыс істейтін маманның қат екенін ескеру қажет. Бұл проблеманы қалай қалай шешуге болады? Ұсынысым: денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіби стандартына “цифрлық” білім мен дағдыларды енгізу қажет. “Медицинадағы IT” мамандығының кәсіби стандартын жасау керек, — деп ұсынды депутат.

Нартай Аралбайұлының айтуынша, медициналық оқу ордаларындағы студенттердің білім беру процесін жаңартып, оларға ЖИ енген кезде қолданылатын ақпараттық жүйелер мен технологияларды қолжетімді ету керек.

Әйтпесе ЖИ енгіземіз деген бастаманың басы бар, аяғы жоқ болады. Медициналық білім беру жүйесіне осыншалықты күрделі өзгерісті жауапты ведомства жедел әрі сапалы енгізе ала ма? Бұл да үлкен сұрақ, — дейді депутат.

Сәйкес жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: мал азығын даярлау жұмысы және ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күрес жалғасуда

admin

Шымкентте шетелдіктерді заңсыз еңбекке тартқан 15 азамат анықталды

admin

Жауынгердің шеберлігі атыс алаңында шыңдалады

admin