Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
БілімЖаңалықтар

1 қыркүйек – Білім күні

Бүгін, 1 қыркүйек күні Қазақстанда 2025–2026 жаңа оқу жылы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы маңызды оқиғаға орай Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ұстаздарды, ата-аналарды және оқушыларды мерейлі күнмен құттықтады.

Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім ордалары өз есігін айқара ашады. Жаңа оқу жылын біз үлкен жоспарлармен, үкілі үмітпен бастап отырмыз. Сіздердің әрқайсыңыз еліміздің болашағы үшін өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Биылғы оқу жылы оқушыларымыз бен ұстаздарымызды жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандыратын жетістіктер мен жеңістерге толы болсын деп тілеймін!, — деді еліміздің бас ұстазы.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, бүгін 360 мың бала мектеп табалдырығын аттап, білім әлеміне қадам басады.

Ал 2025-2026 оқу жылында елде балаларға білім беретін 7859 мектеп жұмыс істейді. Елімізде 232 жаңа мектептің құрылысы жалғасып, 245 ғимарат жаңартылып жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Трамптың әр сөзі мұнай бағасын шайқалтып жатыр

admin

Адам тісі алғаш рет зертханада өсірілді: стоматологияда төңкеріс болуы мүмкін

admin

Шымкентте биыл 73 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі

admin